418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда колледждер жұмыстағы дәрігерлерге ас әзірлеп беріп жүр

  • 150
  • UPD: 21:52, 16.07.2020

Павлодарлықтар провизорлық госпитальдерде еңбектеніп жүрген дәрігерлер қауымын қолдау шараларын жалғастырып жатыр. Қазір бірнеше колледж ұжымы алдыңғы шептегі мамандарды түскі және кешкі аспен қамтамасыз етіп жүр. Басты мақсат - қиын сәтте медицина қызметкерлеріне көмек көрсету. 

Ертіс өңірінде індетпен күрес жан-жақты жүргізіліп жатыр. Дәрі-дәрмекпен қамту бірінші орында. Медициналық препараттардың алғашқы легі аудандарға жеткізілді. Бүгінде провизорлық госпитальдердегі дәрігерлерге  300 ерікті көмектесуде. «Баянтау» спорт кешеніндегі бұл госпиталь ең ірі орталықтардың бірі. 250 төсек-орынға шақталған жерге соңғы тәулікте 60-тан астам түскен. Мамандардың айтуынша, жағдай тұрақталып келеді. Дегенмен, бұл тек уақытша құбылыс болуы да мүмкін. 

Даният Байдәулетов, провизорлық орталықтың меңгерушісі:

- Аурудың таралу деңгейі азайды деп сеніммен айтуға әлі ерте. Науқастардың саны азайғаны рас. Бұл госпитальге пневмонияға шалдыққан пациенттер түседі. Бүгінде көбінесе 40 жастан асқан азаматтарды қабылдап жатырмыз. Басым бөлігінің жүрегі ауырады. Қант диабетіне шалдыққандар да бар. Дәрі-дәрмек жеткілікті. 

Қиын сәтте дәрігелерге халықтың қолдауы қажет. Бұған дейін ақ желеңділерді дәмді аспен қамтамасыз етуді қолға алған музыкалық және тамақтану, сервис колледжінің ұжымын спорт мектебінің өкілдері де қолдады. Олимпиадалық резервтегі мектеп мамандары түскі және кешкі ас дайындауға кіріскен.

Рахметолла Қасқырбаев, облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектеп-колледжінің директоры:

- Дәрігерлердің жұмысы өте қиын. Оны түсінуге тырысамыз. Сондықтан, олардың біздің қамқорлығымызды сезінгенін қалаймыз. Олар үшін алаңдап отырмыз. Ақ желеңділермен біргеміз.

Ас мәзірі құнарлы болуы керек, дейді аспаздар. Сондықтан мәзір қайталанбайды. 

Зағипа Тайжанова, аспаз:

- Біз міне үйде жайбарақат жата алмай, кезекті демалысымызда болсақ та ақ халатты абзал жандар адам өмірі үшін арпалысып жатқанда көмегімізді көрсетіп, тым болмаса, бір мезгіл ас мәзірін дайындап, ыстық тамақ. Бірінші тағам, екінші тағам. Бірінші тағамға сорпа, екінші тағамға қуырдақ, салаты бар, компоты бар. 

Орташа және кіші медициналық ұжым, жедел-жәрдем станциясының мамандары мен тәжірибелі дәрігерлер. Қазір індетпен күрес жолында алдыңғы шепте 3 ымңнан астам ақ желеңді тынбай еңбек етіп жүр. Оларға қолдау көрсету мақсатында қала тұрғындары волонтер болып, аз да болса үлестерін қосуда.

Авторлары: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы