419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Күмәнді бруцеллёз: «Хабар 24» арнасына шағымын жолдаған жұртқа түсініктеме берілді

  • 305
  • UPD: 19:53, 16.07.2020
Күмәнді бруцеллёз: «Хабар 24» арнасына шағымын жолдаған жұртқа түсініктеме берілді

«Күмәнді» бруцеллёз диагнозымен етке өткізілген мал бойынша Қостанай облысының ветеринарлық қызметі түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада бруцеллёз деген желеумен бар малымызды құртып жатыр деп Белозер ауылының тұрғындары арнамызға шағымданған. Соңғы жылда  бұл елді мекеннен жүз бас ірі қара мәжбүрлі түрде пышаққа ілікті. Есесіне жануарларда қауіпті инфекция барын айшықтайтын анықтама қағазы қожайындарына берілмеген. Ал онсыз мемлекет өтемақы төлемейді. Сиырлардан бруцеллёз күдігі олардан алынған қан тексерісінен кейін пайда болды. Осылайша иелеріне қорадағы түлігін мал сою пункттеріне тапсыру міндеттелген. Тексеріс барысында мұндай әрекетке баруға еш негіз болмағаны белгілі болған. Бұған қатысты аудандық инспекцияның бұйрығы да шыққан жоқ. Алайда бұл туралы мал сойылғаннан кейін екі айдан соң тұрғындарға айтылған. 

Бауыржан  Бекет, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

- Күмәнді бруцеллез диагнозы қойылған ірі қаралар қосымша зерттеуден 15-20 күн сайын өтуі тиіс. Бұл процедуралар ауылда жасалмаған. Демек, оң диагнозы қойылған мал басы тапсырылса, ал теріс нәтижесі барлары зерттелуі міндет. Біздегі ақпарат бойынша тұрғындар малды өз қалауымен тапсырған.

Хабар 24 телеарнасы