426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күн көріп отырған малын мәжбүрлеп өткіздіргендерге қатысты тексеру жүреді

  • 782
  • UPD: 21:42, 16.07.2020

Қолындағы малын мәжбүрлі түрде етке өткізген Қостанай облысы тұрғындарының осы шағымына байланысты қызметтік тексеріс жүргізіледі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Жауапты ведомство Белозер ауылына аумақтық инспекция мамандарының барып, жағдайды бағамдап қайтатынын жеткізді. Жалпы елді мекенде ерте көктемнен бері 400-ге жуық малдан сынама алынды. Алғашында 6, кейін 2 және соңғысында 17 малдан бруцеллез анықталды. Ауырған төрт-түлік сол мезетте етке жіберілді. Бірақ тұрғындардың айтуы бойынша нәтижесі күмәнділер де мәжбүрлі түрде сойылып кеткен. Ал министрлік бекіткен талапқа сай мұндай малға өтемақы төленбейді. Яғни бруцеллезбен ауырды деген құжат болуы тиіс. Енді ауылдағылар қызметтік тексеріс нәтижесін күтетін болады.

Хабар 24 телеарнасы