418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ералы Тоғжанов елорда ауруханаларының жұмысын тексерді

  • 121
  • UPD: 23:08, 16.07.2020

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Елордадағы бірқатар медициналық мекемені аралап, олардың жұмысын тексерді. Мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың індеттің таралуын шектеуге қатысты берген тапсырмаларының орындалуын қадағалау.

Ералы Тоғжанов тексеру жұмыстарын нөмірі 9-шы  қалалық емханадан бастады. Пандемия кезінде мұнда провизорлық бөлімше ашылды. Онда ПТР-зерттеу үшін сынама алынады. Айта кетейік, бұл медициналық мекеме 95 мың адамға қызмет көрсетеді. 

- В течение суток сколько принимаете?

– Получается 150 человек, в провизорном отделении 70, и на дом выезжает 5 мобильных бригад и 5 бригад скорой помощи.  

Ведомствоаралық комиссияның жетекшісі нөмірі екінші қалалық көппрофильді ауруханадағы ахуалмен де танысты. Мекеме науқастарды күндіз-түні қабылдайды. Мамандардың айтуынша, мұнда тәулігіне 300 дей адам келеді екен. Оның 200-ін жедел жәрдем жеткізсе, қалғаны жолдамамен және өз бетінше келеді. Сондықтан премьер-министрдің орынбасары мекеменің дәрі-дәрмекпен қамтудың маңызды екенін айтты.   

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Дәрі-дәрмекке байланысты, толықтай сіздерді қамтамасыз ету керек. Қалай сұрақ шешіліп жатыр ?

– 100 процент, лекарства, все есть.

- Өткенде Қасым-Жомарт Кемелұлы көтерді қамтамасыз етуге байланысты. Бүкіл мемлекеттік мекемелердің барлығы ауруханалардың бәрі – оның ішінде поликлинакалар да бар, 100 процент мемлекеттің арқасында қамтамасыз етілу керек. Бұл жерде «жетпейді» деген болмау керек.  

Тексеріс барысында медициналық мекемелерді препараттармен қамту мәселесіне айрықша көңіл бөлінді. Ералы Тоқжанов Денсаулық сақтау министрлігіне және «СК-Фармация» серіктестігіне 1 айлық қор жасақтауды тапсырды. 

- Здесь у вас должен быть постоянный запас. Я у вас спрашиваю, запас какой?

– У нас его хватает на месяц. 

Мамандар соңғы күндері жедел жәрдемге жүгінгендердің азайғанын айтады. Мәселен, 22 маусымда тәулігіне 4300 адам медициналық көмекке жүгнінсе, бүгінгі жағдайға сай бұл көрсеткіш шамамен екі есе төмендеген.

Әлия Рүстемова, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

- 5 шілдеден бастап жедел жәрдемге жүгінгендер саны азайды. Коронавирус инфекциясына қатысты хабарласқандар да азайып келеді. Егер 26 маусымда тәулігіне 450 адам хабарласса, соңғы күндері жедел жәрдемге 200-дей адам хабарласады.

Ералы Тоғжанов тұрғындарға қажетті көмекті тоқтатпауды тапсырды. Сондай-ақ адам өміріне араша болып жүрген мамандарға жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтты.

Хабар 24 телеарнасы