425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркиядан жеткізілген 125 оттегі концентраторы облыстарға таратылды

  • 292
  • UPD: 22:06, 16.07.2020
Түркиядан жеткізілген 125 оттегі концентраторы облыстарға таратылды

Қайырымдылық – қайырлы іс. Бүгін Түркиядан жеткізілген 125 оттегі концентраторы өңірлерге жөнелтілді.

Бұл көмек елдегі қайырымдылық қорларының қарапайым халық арасынан жинаған қаражатқа сатып алынды. Қолында барымен бөліскен қазақ елі бір тәулікте 14 миллион теңге жинап берген. Қайырымдылық қоры жетекшілерінің айтуынша, сырқаттарға бір айда осындай оттек концентраторларының 1 мыңдайы тегін таратылмақ. Қалғандарын енді Қытайдан жеткізу көзделіп отыр, оған да қаржы толық жиналған. Қор қызметкерлері ақша жинап, дәрі-дәрмек, аппараттар сатып алса, оларды жер-жерге тарату үшін елдегі логистикалық кәсіпорындар да қызметін ақысыз жасауға келіскен. Тегін көмек көрсетуге көлік, әуе компаниялары жағдай жасаған.

«Кез келген жанға берілген нығметте, мұқтаждың хақысы бар, барынша жомарттық жасап, елімізді осы нәубеттен аман алып шығайық» дейді белсенділер.

- Міне тегін жүк артып жатырмыз, бастысы отандастырымз, қазақ еліміз аман болсын, ауырмаңыздар.

Дәулетқали Ұлан, «Дәулеттен» қайырымдылық қорының басшысы:

- Демеушіміз, біздің спонсорымыз қарапайым халық. Барлық 125 аппараттың ақшасы екі күн ішінде жиналды, бұл жерде бизнесмендер де жоқ, қарапайым қазақ халқы, бәрі бес саусақтай бірігіп, бір жұдырыққа түйіліп, ортақ жауға қарсы тұрды десем болады, барлық 125 аппарат Қазақстанның өңірлеріне теңдей бөлінді, біз мына қалаға, мына қалаға деп бөлген жоқпыз.

Ләззат Шыңғысбаева, «Менің атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:

- Қазіргі уақытта Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшыларымен денсаулық министрімен бірігіп анкета жинап жатырмыз да өңірлердегі ауруханалардан дәрігерлерден сұрап жатырмыз, нақты не керек екенін, соның анкетасын толтырып, бір база жасап қойсақ, осындай өңірде осындай ауданда осындай емханаға осы дәрі керек екен деп, сондай көмектерді жасап жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы