418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі

  • 162
  • UPD: 22:31, 16.07.2020
БҚО-да демалыс күндері шектеу шаралары күшейтіледі

Батыс Қазақстан облысында алдағы үш апта бойы сенбі-жексенбі күндері барлық базар жабылып, қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылмақ.

Мамандардың айтуынша, бұл шектеу шаралары індеттің таралуын тежеу үшін қажет. Күні бүгін өңірде коронавируске шалдыққандар саны 4 мың 327 адам. Оның 3 мың 307-і емделіп шыққан. Бірақ күн сайын ауру жұқтырғандарың жаңа деректері анықталуда. Тоғыз инфекциялық ауруханада 704 науқас қатерлі індеттен емделіп жатыр. Осыған қарамастан әлі де той жасап, ас беретіндер аз емес. Өңірдің Жәнібек және Теректі ауданында тығылып той жасаған 3 дерек тіркелсе, қоғамдық тамақтану орындарына қатысты 10 заң бұзушылық анықталған. 

Сағат Аманғалиев, қала тұрғыны:

- Автобуста кісі көп. Толық адам. Тұрып барамыз барғанша. 5 те солай, 22 де солай. Ауру көпшілік жерде болады ғой. Қадағалап қарамағасын. Адамдар комиссия жүру керек. Автобустардың санын көбейтсе, ішіндегі кісілер де азаяды. Маршрут көбейту керек.

Мұқамғали Арысбаев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Автобустағы адамдардың маска кимеу сондай көбейіп кетті. Сосын тасымалдаушылар өздері кимейді автобус жүргізушілері. Кемшіліктер көп. Жаңа 3 мысал айттым «перевозщиктерге» қатысты. Сосын ашық базарларда адамдардың жүрістері, маскасыз кіреді. Сондықтан адамдардың қозғалысын азайту үшін екі күнге жапқан себебі сол, эпидемиологиялық процесті тоқтату үшін.

Хабар 24 телеарнасы