431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда «Нұрлы жер» бойынша берілген үйлердің қабырғасы жарықтың жоқтығынан көгеріп кетті

  • 236
  • UPD: 23:14, 16.07.2020

Петропавлда «Солнечный-2» шағын ауданының тұрғындары жаңа алған үйіне қоныстана алмай отыр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған баспаналарда әлі күнге жарық жоқ. Ал бірнеше жыл қаңырап бос тұрған жер үйлер шіри бастаған. 

- Мы решили проверить, что там под линолеумом. Когда все это подняли, там было покрыто плесенью.  

Инеш Бейсенбаева көптен күткен үйіне қоныстана алмай жүрген жандардың бірі. Жыл басында баспанасының кілтін алғанымен, құжаттары әлі күнге дейін рәсімделмеген. Ал бос тұрған үйлер шіри бастаған. 

Инеш Бейсенбаева, қала тұрғыны:

- Бізге қазір жарық керек. Үйдің қалған кемшіліктерін өзіміз жөндеп аламыз. Электр қуаты болмаған соң еш шаруа істей алмай отырмыз. Қазір мұнда бір ғана трансформатор орнатылған. Оның өзі құрылысшылардікі. Соған 14 үй қосылып отыр. Жергілікті билік 2018 жылдан бері құрғақ уәдемен сендіріп келе жатыр. 

Серік Сабралин, қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

- Кабельный линияны жүргізу керек болады, 8 шақырым. Сол сегіз шақырымға ендігі жылы 500 миллион теңге ақша бөлінетін болады. Сонымен бітіріп, осы ауданды қолданысқа береміз деп отырмыз. 

2018 жылдың соңында қалалық әкімдік өкілдері біздің арнаға да мәселені шешеміз деп сұхбат берген еді. Алайда екі жыл өтті. Жабулы қазан сол күйінде. «Жарық былай тұрсын, көктемде көшеде аяқ алып жүру мүмкін емес» дейді тұрғындар. Асфальт төселмегендіктен көше саз балшыққа айналады.

Алмабике Мұқантаева, «Солнечный-2» ауданының тұрғыны:

- Тез суып кетеді енді. Ал кіргенде пол жаман болды. Полды ашып жібергенде екі команата совсем шіріп кетіпті полдары. Жазғытұрым күшті су басты биыл. Сосын бұрыңғы кезде совет үкіметі кезінде осындай қиылыстарға труба салушы еді ғой, дринажный деп. Сондай труба мұнда жоқ. 

Шағын аудандағы құрылыс жұмыстары «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 2017 жылы басталды. Бұл мақсатқа ел қазынасынан миллиардтап қаржы бөлінді. Әзірге 80-ге жуық үй тұрғызылды. Ал жоспар 200 еді.

Венера Иксанова, қала тұрғыны:

- Пәтер жалдап тұрамыз. Мұнда көшкіміз келеді. Қолымызда банк берген қағаздан басқа еш құжат жоқ. Үйдің сапасын көрдіңіздер. Оған көз жұма қарап отырмыз. Өзіміз жасап алуға дайынбыз.  

Бұл жолы жауаптылар екі апта уақытта олқылықтың орнын толтырамыз деп сендірді. 

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Жарықтандыруды беру бойынша жұмыстар атқарылуда. Екі жұмаға жалғасады ол. 15 күннің ішінде тұрғындарға бұл шағын аудан толық жарыққа қосылатын болады. Ал құжаттарға келетін болсақ, қазіргі таңда құрылыс құжаттарына өзгертулер енгізілуде. Айдың соңына дейін бұл мәселе шешілуі тиіс. 

Бұл үйлер негізінен жер кезегінде тұрғандарға берілуі тиіс еді. Алайда сұраныс болмаған соң қазір кез келген адам оны рәсімдей алады.

 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы