429,54 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: Дәрігер қазақстандықтарды Ресейдің қателігін қайталамауға үндеді

  • 727
  • UPD: 23:30, 16.07.2020

Белгілі ресейлік дәрігер, медицина ғылымдарының докторы Леонид Рошаль пандемияға байланысты  қазақ халқына үндеу жолдады.

Өз сөзінде ол індетпен күрес кезінде Қазақстанды Ресейдің қателерін қайталамауға шақырды. Оның айтуынша, әлемді шарпыған вирусқа бір де бір мемлекет дайын болмай шыққан.

Леонид Рошаль медицина ғылымдарының докторы:

- Үрей бой алдыру – ең басты қателік. Бірден дүкенге жүгіріп, барлығын сатып ала берудің керегі жоқ. Мұндай жайт Америка, Израиль, Франция сияқты мемлекеттерде де болды. Бітпейтін эпидемия жоқ. Бастысы, одан аман-есен жақсы нәтижемен шығу. Әрине мұндай жағдайда өлім болады. Дегенмен, қазақ – өте дана халық. Сондықтан сақтық шараларын сақтау керек.

Хабар 24 телеарнасы