424.86 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда көшелерді залалсыздандырудың екінші кезеңі жүріп жатыр

  • 282
  • UPD: 09:50, 17.07.2020
Ақтауда көшелерді залалсыздандырудың екінші кезеңі жүріп жатыр

Жоспар бойынша шілденің соңына дейін барлық шағын ауданға микроб жойғыш ерітінді шашылуы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала ішін дезинфекциялауға 50 жауынгер тартылған. Сарбаздар ранецтік шашқыш және ыстық тұман генераторымен жабдықталған. Әскерилердің айтуынша, ерітіндінің қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Залалсыздандырғыш сұйықтықпен ауруханалар, базарлар, теміржол және әуе вокзалының аумағы да өңделеді. 

Нұрлан Шаихов, Ақтау гарнизоны радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қызметінің бастығы:

– Іс-шараның бастапқы кезеңінде үйлер алаңы, ойын алаңдары, базарлар, вокзал және адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар залалсыздандырылатын болады. Залалсыздандыру іс-шараларын жүргізу үшін жеке құрам арнайы қорғаныс киімдермен жабдықталған. Іс-шаралар 1-шағын аудан мен 35 шағын аудан аралығын қамтитын болады.

Хабар 24 телеарнасы