432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы дәріханалардың бірі препараттарды шекті бағадан қымбат сатып келген

  • 799
  • UPD: 09:49, 17.07.2020
Ақтаудағы дәріханалардың бірі препараттарды шекті бағадан қымбат сатып келген

Арнайы рейд барысында кәсіпкерлердің бұдан да өзге заңсыздыққа барғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәріхана иесінің фармацевтикалық қызметке лицензиясы болмай шықты. Яғни осы уақытқа дейін рұқсатсыз қызмет көрсетіп келгені белгілі болды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелмеген дәрілерді сатқан. Мониторинг жүргізушілер құрамында тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау және экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі бар. Бұл деректер бойынша іс қозғалып, кәсіпкер жауапқа тартылады. Арнайы құрылған мониторингтік топ алдағы уақытта қаладағы барлық дәріханаларды тексеріп шығады. 

Дайрабай Үсіпбаев, «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

– Дәрінің жетіспей жатқанына байланысты «Адалдық алаңының» жобалық кеңсесі қоғамдық бақылау жүргізіп отырғанын айтқым келеді. «Приносим» деген дәрінің бекітілген шектік бағасы – 7100, оны 8400-ге сатып отыр. «Терафлю» 1200 болса, оны 3 мыңға сатып отырғаны анықталды.  

Ақтолқын Мәулетова, фармацевтикалық инспекторат бөлімінің бас маманы:

– Бүгінгі таңда департаментпенпен ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабы 1 тармағына сәйкес әкімшілік істер қаралды. Сонымен қоса ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426 бабы 3 тармағы бойынша ҚР тіркелмеген дәрілік заттарды сатқандығы үшін әкімшілік істер сотқа жолданды. Әрі қарай жұмыстар жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы