426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бір айлық жалақыны қайда жұмсар едіңіз?

  • 623
  • UPD: 11:26, 17.07.2020

Әлемдік экономиканы тұралатқан пандемия қарапайым халықтың да күнделікті тыныс-тіршілігіне өзгерістер енгізгені анық, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табысы азайып, тіпті нәпақасынан мүлдем айырылып жатқандар да бар. Әр тиынның қадірін арттырған індет халықты үнемшілдікке үйретті.

Қаржылық тұрақтылық пен жұмыссыздық мәселесі әлемдік экономиканың аяғына тұсау боп тұр. Тұтынушылар барынша үнемшіл болып кеткен. Бұл өз кезегінде сұраныстың төмендеуіне әкелді. Арнайы жүргізілген сауалнама қорытындысы халықтың 30 проценті тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілмегенін көрсетті. «Бір айлық жалақыны қайда жұмсар едіңіз» деген сұраққа көбі «үнемдер едім» деп жауап берген. Сұралғандардың 13 проценті ғана табысын толық жұмсауға дайын екен. Халықаралық еңбек ұйымының болжамынша, нарықтағы 400 млн жұмыс орны пандемия салдарынан қысқаруы ықтимал.

Арман Бейсембаев, сарапшы:

– Әрине қазір ешкімге оңай емес. Бірақ адамдар қаржылық сауаттылықты жетілдіру керек. Үнемдеп отыруды ұмытпаған абзал. Мүмкіндік болса, қаржылық қор қалыптастырып, ақша жинауды әдетке айналдырған дұрыс.

Көпшілік карантинде бюджетті мұқият жүргізе бастағанын айтады. Барлық шығынын, тіпті ұсақ-түйекке дейін тізбелеп жаза бастаған. Бұл әсіресе ертеңгі күнге толық сенім болмаған жағдайда өзекті.

БЛИЦ:

– Иә, қазір ақша табу қиындап кетті. Ешқандай кіріс жоқ. Дегенмен көп жұмсамауға тырысамыз. Пандемия көп қиындық тудырғаны рас.

– Өте қиын, кіріссіз қалдық

Пандемия көптеген жанның қаржылық әдеттерін өзгертті. Біреу үнемдеуге тырысса, ал кейбірі бақыт үшін ақшаның көп болуы қажет емес екенін ұққандай. Ал сарапшылар кез келген адамда үш ай табыссыз қалған жағдайда, күнделікті күнкөрісіне жететін қоры болуы керек деген кеңес береді. Әсіресе жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарда осындай резервтік қордың болуы өте маңызды.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы