429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдағы колледждердің бірінде IT-орталық ашылады

  • 250
  • UPD: 09:47, 17.07.2020
Петропавлдағы колледждердің бірінде IT-орталық ашылады Sputnik Казахстан

Петропавл қаласындағы колледждердің бірі әрқайсысының құны 800 мың теңге болатын 38 ноутбук сатып алмақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл мақсатқа 28 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Әлеуметтік желілердің бірінде осы мәселе қызу талқыланып жатыр. Сондықтан аталмыш білім ошағы басшылығының айтуынша, мұнда сәтін салса «Жас маман» бағдарламасы бойынша соңғы үлгідегі айти орталық ашылмақ. Ол үшін компьютерлік техникадан басқасының барлығы сатылып алынған.

Алтынай Жәнбекова, колледж директорының орынбасары:

– Бұл конкурс заң жүзінде мемлекеттік сатып алу порталында үшінші рет жарияланып жатыр. Екі рет жарияланып, екі рет бұл тауарды әкеліп бере алмады. Себебі құнының төмендігі. Біз жариялаған соманың өзі жеткіліксіз болып, екі рет конкурста ноутбуктарды ала алмадық. Сол себепті біз үшінші рет жариялап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы