476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Медқызметкерлердің несие төлемдерін уақытша тоқтату ұсынылды

  • 838
  • UPD: 17:26, 17.07.2020

Медицина қызметкерлеріне құтқарушы мәртебесі берілуі тиіс. Осылайша олар пандемия кезінде Азаматтық қорғаныс заңнамасына сай әлеуметтік қолдауға ие болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің кәсіподақтар федерациясы осылай деп мәлімдеді. Федерация өкілдері медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдауға қатысты бірнеше ұсыныс жасады. Оның ішінде медқызметкерлердің несие төлемдерін кейінге шегеру керектігі сөз болды. Бұл ауруханаларда айлап қызмет етіп жүрген ақ халаттыларға қолдау болады дейді мамандар. Сонымен қатар карантинде жатқан медицина қызметкерлерінің еңбеңақысын толық көлемде төлеу ұсынылды.

Әлиақбар Мәтішев, «Qazmed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағының төрағасы:

– Бізге медициналық қызметкерлерден оларға құтқарушы мәртебесін беру туралы ұсыныс келіп түсті. Біз мұнымен толық келісеміз. Олар коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүр. Көбі үй жалдап тұрады. Сондықтан медицина қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайын жақсартып, қосымша төлем жасау мәселесін қолға алу керек. Ақ халаттыларды осы проблемалар алаңдатып отыр.

Хабар 24 телеарнасы