424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасы металлургия саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

  • 223
  • UPD: 15:33, 17.07.2020
Елбасы металлургия саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургия саласының өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлады elbasy.kz.

«Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын! Осы атаулы күні біз металлургтарға – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз.

Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім.

Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр.    

Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін!», - делінген құттықтауда.

Хабар 24 телеарнасы