Суға шомылу маусымы басталғалы бері құтқарушылар 48 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқарды.
Суға шомылу маусымы басталғалы бері (1 маусым мен 16 шілде аралығында) су айдындарында 122 адам ( 2019 жылы 167), оның ішінде 35 бала (2019 жылы 61 бала) суға батып көз жұмды.
Тек 13-16 шілде аралығында суда 19 адам, оның ішінде 6 бала суға шомылу кезінде көз жұмды. 16 шілдеде Атырау облысы Құрманғазы ауданының Амангелді ауылынан 15 шақырым жердегі Қиғаш өзенінде жабдықталмаған орында суға шомылу кезінде, Қарағанды облысы Абай ауданының Вольный кентінде жасанды су айдынында, Қостанай қаласының Тепличный комбинат ауданындағы Тобыл өзенінде, Ақмола облысы Атбасар ауданының Атбасар қаласынан 2 шақырым жердегі Жабай өзенінен қайықтың көмегі арқылы өту кезінде 4 адам су батып көз жұмды.
Ақпарат көзі: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі