427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісулық браконьерлерден 100 келіден астам тірі балық тәркіленді

  • 413
Жетісулық браконьерлерден 100 келіден астам тірі балық тәркіленді polisia.kz

17 шілдеде табиғатты қорғау полициясы мен Балық аулау шаруашылығы қауымдастығы өкілдерімен бірлесіп браконьер бір топты құрықтады.

 Іле ауданы Междуреченск ауылдық округінің Сарыбұлақ көлінде әлдебір адамдар торлар арқылы балық аулап тұр деген жедел ақпаратты ала салысымен, табиғатты қорғау полицейлері Балық аулау шаруашылығы қауымдастығының өкілдерімен бірге аталған жерге келіп жетті. Дәл іс үстінде олар автокөлік пен арқан арқылы судың ішінен балыққа толы торды алып шығару сәтінде заңсыз балық аулаған ер адамдарды қолға түсірді. Ұсталған төрт ер адам Қарасай ауданының тұрғындары болып шықты.

Тәртіп сақшылары заңсыз балық аулау процесін тіркеп, олардан 80 метр балық аулайтын торды, 100 келіден астам тірі балықты, оның ішінде 70 келіден астамы сазан және 30 келіге жуық мөңке балықты тәркіледі.

Аталған дерек ҚР ҚК 335-бап 3-бөлігінің 4-тармағы «Бір топпен жасалған балық ресурстарын заңсыз аулау» бойынша сотқа дейінгі бірыңғай реестріне тіркелді.

Заңсыз балық аулауға жұмылдырылған автокөлік құралы соттың шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды. Күдіктілерге қатысты тұрғылықты жерлерінен тыс шықпаулары және тиісті тәртіпті сақтау туралы бұлдартпау шарасы қабылданды. Тәркіленген балық қабылдау пунктіне өткізілді.

Хабар 24 телеарнасы