419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізден 80 мыңнан астам медициналық қолғапты шығармақ болғандар ұсталды

  • 246
  • UPD: 18:46, 17.07.2020
Елімізден 80 мыңнан астам медициналық қолғапты шығармақ болғандар ұсталды silvervip.kz

Жеке қорғаныс құралдарын елімізден сыртқа шығаруға тыйым салынғаны белгілі.

Алайда жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері шекара қызметі және мемлекеттік кірістер органдарымен бірлесіп, ЖҚҚ сыртқа тасымалдамақ болған автокөлікті ұстады, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Тінту барысында сәйкес құжаттарсыз тасымалданған медициналық қолғаптардың 41 қорабы анықталды (80 400 дана).

Аталған факт бойынша іс материалдары мемлекеттік кірістер органдарына айыпты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жолданды.

Сондай-ақ медициналық өнімдерді өкілетті органға тапсыру мәселесі шешілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы