429,40 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысында есірткі алқабы табылды

  • 276
  • UPD: 19:12, 17.07.2020
Қызылорда облысында есірткі алқабы табылды

Қызылорда облысында ит тұмсығы батпайтын қалың шеңгел мен жыңғыл арасында есірткі еккен азамат ұсталды, хабарлайды «Хабар 24».

Күдікті өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін полиция қызметкеріне 819 мың теңге пара ұсынған. Бірақ айыпталушының жауапкершіліктен жалтару жоспары жүзеге аспады. Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Қарғалы ауылынан шамамен 80 шақырым жерде қарасора жайқалып тұрғанын анықтады. Айналаны шолуға кіріскен жедел тергеу тобы Арал қаласының 42 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Аумақты тінтіп-тексеру барысында салмағы 80 келі тартатын мың 116 түп жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік табылды. Жалпы «Қарасора-2020» жедел профилактикалық шарасы басталғалы 43 есірткі қылмысы тіркелді.

Серік Шалхаров, ОПД бастығының орынбасары:

- Бірінші дерек бойынша ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Екінші дерек бойынша полиция қызметкеріне пара ұсынған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылып, ҚР ҚК 367-бабының 2-бөлігі бойынша (пара беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы