420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында шілде айы басталғалы 41 дана қару тапсырылған

  • 262
  • UPD: 21:58, 17.07.2020
Қарағанды облысында шілде айы басталғалы 41 дана қару тапсырылған

Қарағанды облысында қару-жарақтарды өз еркімен тапсыру науқаны қайта басталды, хабарлайды «Хабар 24».

Тек шілде айынан бастап азаматтар құқық қорғау органдарына өз еркімен 41 дана қару тапсырған. Бір қызығы, оның ішінде дүниежүзілік соғыстан қалған ескі қару-жарақтар да бар.  Мысалы тұрғындардың бірі 1940 жылы шығарылған Шпагина пулемет-мылтығын әкеп тапсырған. Комиссия оның қолдануға жарамсыз екенін анықтап, алдағы уақытта облыстық полиция департаментінің музейіне бермек. Сәйкесінше, оның бұрынғы қожайыны 80 мың теңгеге дейін сыйақы алуы мүмкін.

Бауыржан Қалыбеков, жедел-криминалистикалық басқарма басшысының орынбасары:

- Науқан басталғалы азаматтар 41 дана қару тапсырды. Оның ішінде өте көне экземпляр да кездеседі. Тапсырылған барлық қару-жарақ бойынша құрылған комиссия тексеру жүргізіп, қолданысқа жарамды не жарамсыз екенін анықтайды. Артынша бұрынғы қожайындарының барлығына әртүрлі көлемде сыйақы беру қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы