426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада дәрі-дәрмек толық жетіспейді

  • 260
  • UPD: 09:47, 18.07.2020

Алдыңғы аптамен салыстырғанда Қызылорда дәріханаларында ұзын сонар кезек байқалмайды. Бірақ дәрі-дәрмек толыққанды жеткілікті емес. Әлі де тұрғындар тарапынан сұранысқа ие емдік препараттар жоқтың қасы.

Бұған күн сайын қаладағы ірі 50 шақты дәріхананы аралайтын арнайы мониторингтік топ көз жеткізді.

Фармацевттердің айтуынша, берілген тапсырысқа сәйкес қажетті дәрі-дәрмектер жақын күндері келуі тиіс. Дәрілік заттар емдеу курсына байланысты бір қолға 2-3 қаптамадан ғана беріледі. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары және қоғам белсенділерінен құралған топ 7 емхана мен СҚ «Фармация» мекемесінің қоймасын ұдайы тексеріп отырады. Пневмония, жоғары және төменгі тыныс жолдарының жіті респираторлық аурулары бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде науқастарды дәрімен қамтамасыз етілу жайы басты назарда дейді мамандар. 

Ғалима Әзірова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін БД басшысының орынбасары:

- Департаментке дәрілік заттар айналымы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 15 материал келіп түсті. Оның 9-ы жеке тұлғаларға, 5-еуі бекітілген шекті бағадан асып кету дерегіне қатысты болып отыр. Тиісті рұқсат құжаттарынсыз және қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды өткізуге қатысты тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Хабар 24 телеарнасы