420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатқан 11 дәріханаға айыппұл салынды

  • 377
  • UPD: 17:40, 18.07.2020
Елордада дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатқан 11 дәріханаға айыппұл салынды

Жауапты органдар күн сайын ай-тека қосымшасы мен әлеуметтік желідегі халықтың арыз-шағымын сараптай келе, бірнеше дәріхананың заңды белшесінен басқанын анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың кейбірі, тіпті Қазақстанда тіркелмеген дәрілерді қымбат бағамен сатқан. Дәріхана қожайындарының әрқайсысы 180 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл әрекеттерін тағы қайталайтын болса, бір айдан алты айға дейін лицензиясынан айырылады. Қарапайым халықты қанаған алып-сатарлардың арасында «Лайм фарм», «Аңсар-Фарм», «Меди Лаб Смартфарма», «Фарм Бизнес Астана» және «Баязитова», «Мамаева», «Бермаханова» жауапкершілігі шектеуші серіктестіктері бар.

Хабар 24 телеарнасы