432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірқатар өңірде карантиндік шектеулер күшейді

  • 309
Бірқатар өңірде карантиндік шектеулер күшейді

Еліміздің тағы бірқатар өңірінде коронавирус инфекциясының белең алуына байланысты карантиндік шектеулер күшейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, Атырау облысында халықтың көпшілік орындарында серуендеуіне рұқсат жоқ. Қоғамдық көлік жүрмейді. Жабық ғимараттағы дүкендердің жұмысына да тыйым салынған. Сонымен қатар Алматы - Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағытындағы темір жол қатынасы тоқтатылды. Мейрамханаларда ұжымдық, отбасылық той-томалақ өткізгендерге айыппұл салынады. Эпедимиологиялық жағдай тұрақталмайынша, Батыс Қазақстан облысында да карантин талаптары ұзартылды. Шаһарда демалыс күндері қоғамдық көлік жүрісі тоқтап, барлық базар жабылады. Тек үй маңындағы дүкендердің жұмысына рұқсат берілген. Алматыда да талап күшейді. Мұнда ұлттық парктер мен туристік нысандарды көруге рұқсат жоқ. Ал елордада керісінше азық-түлік дүкендерінің жұмыс істеу уақыты ұзартылды. Енді бас шаҺарда кешкі 21:00-ге дейін сауда жасауға болады. 

Хабар 24 телеарнасы