426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры құрылды

  • 257
  • UPD: 15:41, 19.07.2020
Павлодар облысында дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры құрылды

Жергілікті әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы еліміздің ірі фармацевтикалық компанияларының бірімен келісімшарт жасасқан, хабарлайды «Хабар 24».

Дәріханалар дене қызуын түсіретін дәрілермен, вирусқа қарсы препараттармен және антибиотиктермен толығатын болды. Олар 37 түрлі дәрілік препараттармен қамтамасыз етіледі. Екі жақты келісім аясында фармацевтикалық компанияға 220 миллион теңге көлемінде айналымдық қаржы берілді. Аймақта вирусқа қарсы дәрі-дәрмек тапшылығы туындаған еді. Жергілікті билік кем дегенде бір айлық қор жинақтау үшін осындай шешім қабылдап отыр.

Асайын Байханов, облыс әкімінің орынбасары:

- Ол дәрілердің бірінші партиясы ендігі аптаның ортасына қарай келуі керек осында. Біз басқа да фармацевтикалық компаниялармен жұмыс жасап жатырмыз. Осы бір-екі күнде тағы да келісім шарттарға отырамыз деген ойымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы