427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Отандық және Оксфорд ғалымдары әл-Фарабидің ғылыми мұраларын бірге зерттемек

  • 285
  • UPD: 16:04, 19.07.2020
Отандық және Оксфорд ғалымдары әл-Фарабидің ғылыми мұраларын бірге зерттемек gov.kz

Оксфорд университеті мен Қазақ ұлттық университеті Шығыстың ұлы ғалымы Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми мұраларын бірге зерттемек, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы шетелдік және отандық ғалымдар қатысқан «Әл-Фараби: өмірі мен мұрасы» атты ғылыми симпозиумда айтылды. Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған басқосу онлайн форматта өтті. Оған Ұлыбритания, Қазақстан, АҚШ және Германиядан ұлы ойшылдың мұрасын зерттеп жүрген ғалымдар қатысты. 100-ден астам ғылыми-академиялық және қоғамдық топ өкілдерінің басын біріктірген іс-шараны Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі Оксфорд Ислам зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Орталық директоры Фархан Низами әл-Фараби мұраларының қазіргі әлем үшін өзектілігіне тоқталды. Жалпы мамандар «ұлы ғалымның рухани және гуманитарлық мұрасы әлем өркениеті үшін аса маңызды», - дейді.

Фархад Низами, Оксфорд университеті ислам зерттеу орталығының директоры:

- Орталықтың басты академиялық мақсаттарының бірі – Ислам және Батыс білім әлемі арасындағы әріптестікке жәрдемдесу. Әл-Фараби, біз білетіндей, Орталық Азия, Таяу Шығыс және Солтүстік Африкада көп саяхат жасады және оны Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп танимыз. Оның ықпалы орасан, ал маңыздылығы – өлшеусіз. Іс-шара нәтижесінде Оксфорд университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеттері арасында ұзақ мерзімді ғылыми көпір орнайды деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы