428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында сервистік әкімдік ашылды

  • 362
  • UPD: 17:18, 19.07.2020
Ақмола облысында сервистік әкімдік ашылды

Ақмола облысының Красный Яр елді мекенінде сервистік әкімдік ашылды. Әкімдікте заңгерлер, ауыл шаруашылығы бөлімі мен жәрдемақы алуға көмектесетін мамандар бір терезе қағидасы бойынша қызмет көрсетеді. 

Соған сәйкес ауыл тұрғындары енді құжат алып, өзге де мәселелерін реттеу үшін кабинеттерді араламайды. Келушілердің бар шаруасы бір жерден шешіліп, уақыты үнемделеді. Саладағы ашықтықты қамтамасыз ететін игі шара «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» аясында жүзеге асты. Осылайша игі бастаманың игілігін аудан мен қаладағылар ғана емес, шалғай ауылда тұратындар да көре бастады. 

Ғалымжан Әбдіхалықов, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл сервистік әкімдіктің ашылу себебі бұл халыққа жақындау, халықтың мұң-мұқтажын тезірек атқару. 

Мұрат Төлеубаев, ҚР СЖҚІ Агенттігінің облыстық департамент басшысы:

- Бұл аудан қалаларда ашылып отырған 16-сервистік әкімдік. Осы арқылы біз Президенттің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» жобасын нәтижелі жүзеге асырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы