421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тыйымға қарамастан суға шомылғандарға айыппұл салынды

  • 246
  • UPD: 19:27, 19.07.2020
Тыйымға қарамастан суға шомылғандарға айыппұл салынды

Қазіргідей қатаң шектеу шаралары енгізілген кезде өзен-көлдерде шомылуға болмайды.

Айталық, елордада халық ең көп баратын 3 жағажай жұмысын уақытша тоқтатты. Бірақ мұндағы жұрт сол тыйымға қарамастан рұқсат етілмеген жерлерде суға түсіп жүр. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ел арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ал полицейлер тәртіпке бағынбағандарды әкімшілік жауапкершілікке тарта бастады.

Диаз Маметеков, Сарыарқа ауданы ТЖБ бастығының орынбасары:

- Бүгінгі таңда жауапқа тартылғандар: 80 адамға айыппұл салынды. Ол рұқсат етілмеген жерлерде шомылғандар және карантинді бұзғандар. Тыңдамағандар көп. Олар арақ ішкендер. Сондай адамдар болады.

Хабар 24 телеарнасы