421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында қолдан алкоголь өнімін дайындаған астыртын цех анықталды

  • 205
  • UPD: 15:25, 20.07.2020
Павлодар облысында қолдан алкоголь өнімін дайындаған астыртын цех анықталды

Қолдан алкоголь өнімін дайындаған астыртын цех анықталды, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қаладағы жалдамалы үйде жалған есепке алу-бақылау маркаларымен суррогатты алкоголь дайындайтын астыртын цех ұйымдастырған 53 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті бір жыл бойы күнделікті 35-40 бөтелке суррогат алкоголь өнімін дайындап отырған.

Ол қолданылған бөтелкелерден ЕАБ маркаларын алып тастап, бөтелкеге спирті бар сұйықтықты құйып, ЕАБ маркаларының бірнеше бөлігін бір марка түрінде желімдеп, өнімді рұқсат қағазсыз және лицензиясыз Павлодар қаласындағы сауда нүктелері арқылы сатқан.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 233 бабының 2 б. сәйкес (акцизделетiн тауарларды акциздiк маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртiбi мен қағидаларын бұзу, акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тексеру барысында астыртын цехтан ішінде алкогольдік сұйықтық бар көлемі 20 және 40 литрлік ыдыс, 47 бөтелке дайын алкоголь өнімі, желім, шланг, құйғыш, шприцтер және қолдан алкоголь жасайтын құрал-жабдықтар тәркіленіп алынды.

Суррогат алкоголь өнімі антисанитариялық жағдайда, күмәнді материалдардан және алкогольді ішімдіктер шығаратын әртүрлі зауыттардағы өнімдерге ұқсатылып дайындалған.

Бұл факті бойынша сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Хабар 24 телеарнасы