419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Самұрық-Қазына» қоры мен ДСМ меморандумға қол қойды

  • 319
  • UPD: 17:47, 20.07.2020
«Самұрық-Қазына» қоры мен ДСМ меморандумға қол қойды

«Самұрық-Қазына» қорының өкілдері Денсаулық сақтау министрлігіне 100 жедел жәрдем көлігін, 1000 оттегі концентратын және 50 өкпені жасанды желдету аппаратын тапсырды, хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, қор 3000 қаптама «Авифавир» дәрісі мен 1000 пульсоксиметр тарту етті. Бұл туралы тараптардың ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қою рәсімінде айтылды. Сондай-ақ жиында қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Елбасының Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырғанын және бұл жұмыстың басталғанын атап өтті. Айта кетейік, бұл Денсаулық сақтау министрлігімен келісіле отырып, елдегі ахуалға байланысты көрсетілген көмек болды.

Хабар 24 телеарнасы