426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастарға арналған жоба басталды

  • 342
  • UPD: 18:45, 20.07.2020
Жастарға арналған жоба басталды twitter.com

«Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасында әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» республикалық жоба аясында Қазақстанның әлеуметтік бірлігі, мәдениеті мен мұрасы тақырыбына білім беру дәрістері онлайн форматта басталды.

Жобаның мақсаты – қазақстандық этностар мен жастар арасында әлеуметтік бірлікті, философияны, қазақ халқының құндылықтарын насихаттау.

Жоба бағдарламасында іс-шаралар кешені жоспарланған: бірыңғай құндылықтарды, этномәдени бірлестік өкілдерін қамту арқылы жастардың бірыңғай тарихи танымын қалыптастыруға арналған бейнедәрістер; жастар және этномәдени ұйым өкілдерімен жазғы лагерь, викторина өткізу, онлайн шеберлік сағаттары мен жастар арасында «Рухани жаңғыру» жаңартудың негізгі қағидаттарын насихаттайтын қысқаметражды жастар сериалын жасау.

Іс-шараның ұйымдастырушылары атап өткендей, мұндай сипаттағы жобаны өткізу қазақстандық жастар арасында әлеуметтік бірлік, мәдени мұра мен этникалық ынтымақтастық тақырыбын кеңінен ашуға мүмкіндік береді.

«Жоба жастар арасында ұлтаралық бірлікті нығайтуға, бірыңғай шоғырланған ұлт үшін жағдай жасауға, сондай-ақ, Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын практикалық іске асыру бойынша жастардың бастамасын қалыптастыру мен қолдауға ықпал етуге бағытталған. Бұл жерде біз Қазақстан Халық ассамблеясының «Жарасым» жатар қанатымен белсенді жұмыс істейміз. Жобаның бірінші кезеңі бүгін басталды: біз әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымыз бен уoutube желісінде бейнедәрістерімізді іске қостық, қарау нәтижелері бойынша жобаның Жазғы лагеріне 100 белсенді жастар анықталатын болады. Біз белсенді жастар мен Қазақстанның этнобірлестіктерін жобаға қатысуға шақырамыз», – деп атап өтті жоба жетекшісі, Ұлттық дельфий комитетінің директоры Құралай Түспекова.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш жоба Қазақстанда екінші рет жүзеге асырылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы