420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синоптиктер: ШҚО-да 22 шілдеден бастап аптап ыстық басылады

  • 238
  • UPD: 21:47, 20.07.2020
Синоптиктер: ШҚО-да 22 шілдеден бастап аптап ыстық басылады

Шығыста соңғы үш тәулікте күн райы күрт ысып кетті, хабарлайды «Хабар 24».

Облыстың  оңтүстік аудандарында сынап бағанасы  +39 +40 градусқа дейін көтерілді. Аймақтық ауа райын болжау орталығының мамандары аптап ыстық Ираннан келген ауа ағысы екенін айтады. Ол елдің шығысында 3-4 тәулік сақталып одан соң басылады. Ал қан қысымы жоғары адамдар үшін мүлде қиын болып тұр. Сондықтан жедел жәрдемге қоңырау шалатындар саны тіпті көбейген. Дәл осы ыстық күндері карантинге қарамастан, елдің көбі өзен-көлдің жағасынан пана іздеп жүр. Алайда суға шомылу кезінде кейбір тұрғындар қауіпсіздікті мүлде естен шығарады. Тек соңғы екі тәулікте аймақта 4 адам суға тұншығып қайтыс болған. Олардың бәрі де рұқсат етілмеген жерде суға шомылғандар. Жалпы өңірде 2 мыңға жуық өзен-көл мен су айдыны болса, оның үшеуі ғана арнайы құралмен жабдықталған. Дегенмен, ауа райын болжайтан мамандар шілденің 22-інен бастап аймақта біртіндеп ауа райы  салқындай бастайтынын хабарлады. Жаңбыр да жауады.

Любовь Бухтоярова, инженер-синоптик:

- Алдағы екі-үш тәулікте біздің аймаққа Азияның солтүстік-батысынан суық ауа ағыны ығысады. Сол біраз сақталады. Жауын-шашын болып, кейбір аумақта бұршақ жауады. Қатты боран соғады. Жауыннан соң салқын ауа біраз сақталады.

Хабар 24 телеарнасы