429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөздегі орталықта науқастанған балалар оңалып келеді

  • 240
  • UPD: 23:18, 20.07.2020

Шығыстың Аягөз қаласындағы балаларды оңалту орталығының материалдық базасын жаңалап, қызметкерлердің білімін жетілдіруге биыл облыстық бюджеттен 140 миллион теңге бөлінді, хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық мекемеде бүгінде 95 бүлдіршін тәрбиеленіп жатыр. Өкінішке қарай COVID-19 инфекциясы бұл орталықты да айналып өтпеді. Қазір мұндағы 48 бала мен 22 маманнан вирус анықталды. Бірақ дәрігерлер «науқастардың жағдайы жақсы», деп отыр.

Аягөздегі  әлеуметтік орталықта алғашқы жұқпалы індет шілденің екісінде тіркелді. Бастапқыда 2 баладан анықталса, қазір 48 бүлдіршін мен 22 қызметкердің анализі оң нәтиже көрсетіп отыр. Дегенмен, облыс басшылығы бірден шара қабылдап, мекемеде қатаң карантиндік ережелерін енгізді. Науқас балалар мен мамандар толық оқшауланып, қажетті ем-дом жасалып жатыр. Көбі инфекцияны жеңіл өткізуде. Дегенмен, құзырлы орган қызметкерлері мекемені қатаң қадағалауға алды. Ал облыс басшылығы оңалту орталығының материалдық базасын нығату үшін барлық мүмкіндікті қарастырмақ. Тек биыл 140 миллион теңге бөлді.

Әлішер Мархабат, облыс әкімінің орынбасары:

- Орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуды қолға алдық. Арнайы кабинеттер ашамыз. Медицина мамандарының білімін жетілдіріп, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеретін боламыз. Сондай-ақ орталыққа жыл сайын жөндеу жұмысы жүргізілетін болады. 

Орталықтың жұмысын үйлестіру үшін республикадағы танымал дәрігерлер мен психологтар да тартылмақ. Өйткені туғаннан денсаулығы дімкәс бүлдіршіндерге ерекше күтім мен қадағалау қажет. Ал, орталықта жұқпалы індеттің ілмегіне ілінгендер қазір біртіндеп тәуірлене бастады.

Шолпан Мақашева, «Балаларға арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» МКК директоры:

- Балаларды серуендетудің өзінде арнайы кесте жасадық. Тамақтануы бойынша да күнделікті мониторниг  жасап отырмыз. Міне, бүгін ерекше карантин ережесі енгізілгелі 14 күн болды. Жаңадан клиникалық ауру белгілері анықталған жоқ.  

Ауруы анықталған балалар одан ары оңалуы үшін осы салаға жауапты басқарманың бәрі күшін салып жатыр. Ал бала құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым өкілдері де орталыққа қолғабыс ете бастады. 

Авторлары: Олжас Керейхан Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы