429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аягөздегі оңалту орталығындағы балалар жаппай коронавирус жұқтырған

  • 331
Аягөздегі оңалту орталығындағы балалар жаппай коронавирус жұқтырған

Аягөздегі балаларды оңалту орталығы өткен жылдан бері дау-дамайдан арылмай келеді, хабарлайды «Хабар 24».

Былтыр мекеме мамандары балаларға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен ұзақ уақыт тексеру жүргізілген. Ал, биылғы сәуір айында 4 бүлдіршін қайтыс болғаны анықталды. Облыстағы осы салаға жауапты мамандар бұл жағдайдың бәрін жылы жауып қоюға тырысқан. Дегенмен, мәселеге бала құқығын қорғайтын қоғамдық ұйым өкілдері араласқан соң өлім-жітім болғанын жауапты тұлғалар мойындауға мәжбүр болды. Дәрігерлер бастапқыда «бүлдіршіндер қызылша ауруынан көз жұмды» деген. Бірақ уақыт өте келе бұл диагнозды да жоққа шығарды. Мәселеге республикадан барған комиссия араласып, «туғанынан денсаулығы нашар балаларға дұрыс ем-дом жасалынбады» деген қорытындыға келді. Ал, орталықта коранавирус індетіне шалдыққан бүлдіршіндердің анализі ұзақ тексерілуін жауаптылар техникалық себептермен байланыстырады.

Әлішер Мархабат, облыс әкімінің орынбасары:

- Бұл жерде жасырып-жабатын ештеңе жоқ. Өйткені анализдік тест жүейесі біздің қолымызда тұрған жоқ. Арнайы зертханадан жүйелі сарпатадамадан өтеді. Әуелі бірінші күдік тудырған 3 баланың анализін береді. Тағы 3 күннен соң 20 баланың  тест нәтижесін күттік. Яғни, осының бәрі анықталған соң ғана қорытынды жасаймыз.

Хабар 24 телеарнасы