423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда 38 млн теңгенің бетпердесі тәркіленді

  • 205
  • UPD: 23:19, 20.07.2020
Алматыда 38 млн теңгенің бетпердесі тәркіленді

Ұйымдасқан қылмыстық топ бұл заттарды Қазақстанның аумағынан заңсыз алып өтпекші болған, хабарлайды «Хабар 24».

Ұсталғандардың барлығы бұрын ауыр қылмыс жасап, сотталған азаматтар екен. Әрі діни ағымдардың жақтаушылары екені анықталды. Олар медициналық маскаларды отандық дәріханаларға жеткізуі тиіс кәсіпкерлерден бопсалау және алдау арқылы алған. Қазір ұйымдасқан қылмыстық топтың үш мүшесі қолға түсіп, тергеу изоляторына қамалды.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

- Қылмыстық жолмен табылған ақшаның барлығын азаматтар өздерінің жеке қажеттіліктеріне жаратқан, негізі қымбат, бағалы киім киіп, содан соң қымбат мейрамханаларда көңіл көтерумен айналысқан екен бұл азаматтар. Қазіргі таңда олардың іс-әрекеттерне құқықтық тұрғыда баға берілетін болады. Уақытша қамау изоляторына оқшауланды бұл азаматтар.

Хабар 24 телеарнасы