419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар саны азайып келеді

  • 377
  • UPD: 00:22, 21.07.2020
Ақтөбеде пневмонияға шалдыққандар саны азайып келеді

Ақтөбеде соңғы аптада пневмония ауруына шалдыққандар саны бес есе азайған, хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова мәлімдеді. Оның айтуынша, шілде айының алғашқы күндері медицина мекемелері күніне 250-ден астам дертті жанды қабылдаған. Қазір олардың саны бес есеге азайды. Жалпы наурыз айынан бері 2736 адамнан COVID-19 анықталған. Олардың 1172-і дертінен сауығып шықты. Дәл қазір өңірде пневмонияға шалдыққан 1600 тұрғын стационарлық ем қабылдап жатыр. Олардың басым бөлігі облыс орталығында тіркеліп отыр. Мамандар аурудың таралу қарқыны бәсеңдегенін айтады.

Светлана Есенаманова, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а.:

- 18 шілдеде 72 адам, 19-ында 80 адам, 20-ында 46 адам. Осы соңғы аптада міндетті түрде жүзден төмен болып тұр. Ал, егерде біздер ай басталғанды айтсақ, бірінші шілдеден 5 есе төмендеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы