429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тараздық жастар «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясына үн қосты

  • 343
  • UPD: 00:30, 21.07.2020
Тараздық жастар «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясына үн қосты

Таразда «Jas Otan»жастар қанатының белсенділері ақ халаттыларға арнап құнарлы тағам түрлері салынған 100 себет дайындады, хабарлайды «Хабар 24».

Оларды ең алдымен коронавирус инфекциясы мен пневмонияға шалдыққан 200 науқас емделіп жатқан қалалық балалар ауруханасының ұжымына тарту етті. Қайырымдылық эстафетасын жергілікті кәсіпкерлер де қолдап, 5 ауруханаға 10 тонна құтыдағы ауыз су әкеліп берді.

Болатбек Уәлихан, «Jas Otan» ЖҚ ОФ төрағасы:

- Бұл акция ертең де жалғасатын болады. Жалпы қаламызда 5 ауруханада вирус жұқтырған тұрғындар жатыр. Солардың барлығына және көмек көрсетіп жатқан дәрігерлерге алғыс акциясын ұйымдастырамыз. Бұл акция аудандарда да өз жалғасын табатын болады. Келесі аптада кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен 50 оттегімен тыныс алу аппараты. Оны да бөлек табыстайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы