421,39 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстауға жеткізілген гуманитарлық көмектің әрбір затына «тегін таратылады» мөрі басылды

  • 234
  • UPD: 09:51, 21.07.2020
Маңғыстауға жеткізілген гуманитарлық көмектің әрбір затына «тегін таратылады» мөрі басылды

Маңғыстау өңіріне Катар және Қытай Халық республикасынан келген гуманитарлық көмек 23 емдеу мекемесіне таратылады.

Медициналық қорғану құралдары жинақталған жүктер 14 шілдеде денсаулық сақтау басқармасының қоймасына түскен еді. Таяу күндері бес аудан және екі қаладағы мемлекеттік емханаларға жеткізіледі. Жүктің діттеген жерге толық көлемде жетуі қатаң бақылауда болады. Мұны құзырлы орган «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және арнайы мониторингтік топ мүшелері бірлесе бақылайды. Гуманитарлық көмек салынған әр қорапқа арнайы мөр соғылған. Бұл жеке дәріхана не емханада заңсыз сатылымға шығарылуын болдырмайды.

Дайрабай Үсіпбаев, «Маңғыстау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Қытайдан 6 түрлі қорғаныш заттары келген. Ал Катар мемлекетінен 16 түрлі қорғаныш заттар: бетперде, хирургиялық көзілдіріктер, қорғаныш киімдер бар. Бөлініс кезінде біздер әр киімге «Тегін таратылады» деген арнайы мөр басылуына мұрындық болдық, қарап тұрдық. Себебі көп жерлерде республика бойынша хабар келіп жатыр. Гуманитарлық көмек болып келген заттар сатылымға шығып кетті деген фактілер кездесіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы