427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда бруцеллёзді сылтауратып сиыр сою тексеріліп жатыр

  • 263
  • UPD: 10:10, 21.07.2020

Қостанай облысында күмәнді диагноз қойылған сиырлар бойынша қызу талқылаулар жалғасып жатыр. Бұл жолы Белозер ауылының тұрғындары ветеринарлық қызмет, ет қабылдау пункттері және зертхана өкілдерімен кездесті.

Сойылған мал бойынша неліктен өтемақы төленбейді? Сатылған етке белгіленген бағаны кім бекіткен және күмәнді диагноз қойылған жануарларды бауыздау қаншалықты дұрыс? Осындай сауалдар әңгіме арқауына түрткі болды.

Естеріңізге сала кетсек, «бруцеллез деген желеумен қалған малымызды құртып жатыр» деп біздің редакцияға аталған елді мекеннің тұрғындары хабарласқан. Соңғы екі жылда Белозерде мәжбүрлі түрде жүз бас ірі қара етке өткізілген. Қазір барлық шағым бойынша тергеу басталды. Алғашқы қорытындылар да жоқ емес.

Оразбек Батырбеков, облыстық ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекциясының басшысы:

- Адамдарға алдын ала бұрыс ақпарат берілді. Бруцеллезді мал бойынша қате мәліметтер айтылған. Бұл жерде ветеринарлық дәрігерлер, жергілікті атқару органдары, аудандық ветеринария инспекциясының кінәсін жоққа шығара алмаймыз. Бүгін барлық тараптарды тыңдап шықтық. Ертең белгілі бір нәтижеге келеміз. Кінәлі тұлғалар міндетті түрде жауапқа тартылады.

Хабар 24 телеарнасы