425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биылғы жарты жылда 47 мың баспана пайдалануға берілді

  • 549
  • UPD: 12:17, 21.07.2020
Биылғы жарты жылда 47 мың баспана пайдалануға берілді Атырау газеті

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл алғашқы 6 айда елімізде 47 мың баспана пайдалануға берілді.

ҚР ИИДМ мәліметінше, оның 3700-і мемлекеттік инвестициялар есебінен салынған. Сондай-ақ жыл соңына дейін тағы 100 мыңнан астам қазақстандыққа пәтер кілті тапсырылады деп жоспарланған. Жалпы, тұрғын үй құрылысына 688 миллиард теңге инвестиция салынады деген болжам бар.

Көрсетілген қолдаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында биыл тізімінің бірыңғай республикалық базасы іске қосылды. Осылайша, биыл 6 наурыз бен 1 маусымға дейінгі аралықта әкімдіктер 32 309 азаматты кезектен шығарды. Қазір баспана кезегінде 529 610 адам тұр.

Хабар 24 телеарнасы