426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барлық аурухананы көшпелі диагностикалық кешенмен жабдықтау тапсырылды

  • 242
  • UPD: 13:48, 21.07.2020
Барлық аурухананы көшпелі диагностикалық кешенмен жабдықтау тапсырылды

Үкімет отырысында ел Премьер-министрі Асқар Мамин  облыстардағы барлық ауруханаларды көшпелі диагностикалық кешендер және отандық цифрлық рентген аппараттарымен жабдықтау мәселесін шұғыл шешу қажеттігін қадап айтты. 

Екі апта ішінде оттегі концентраторлары мен медициналық газ емханаларға дер кезінде жеткізілуі керек. Ал «СҚ-Фармация» компаниясына ай соңына дейін қажетті препараттарды сатып алып, оларды өңірлер арасында бөлу міндеті жүктелді. Еліміздің барлық аумағында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорын жасау туралы тапсырма берілді.

Хабар 24 телеарнасы