431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында тәркіленген дәрілер денсаулық сақтау басқармасына берілді

  • 201
  • UPD: 14:59, 21.07.2020
Жамбыл облысында тәркіленген дәрілер денсаулық сақтау басқармасына берілді

Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына 19 млн теңгеден астам сомаға дәрілік препараттар тапсырылды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті облыстың ҰҚК ШҚ қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай ауданының «Қарасу» шекаралық бекетінде тауарлық-ілеспе құжаттарсыз дәрі-дәрмектерді тасымалдаған жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214-б. 1-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды (заңсыз кәсіпкерлік).

Барлығы көліктің жүк салу бөлігінде 19 млн теңгеден астам сомаға дәрілік препараттардың 20-ға жуық түрі анықталып, олар тәркіленді.

Қазіргі таңда барлық дәрілік заттар Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы