432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жедел жәрдем көлігінің жаңа түрі құрастырыла бастады

  • 297
  • UPD: 23:47, 21.07.2020

Нақтыласақ, шағын жолаушылар көлігі қайта жасақталып, медициналық құралдармен жабдықталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Зауыттағылар бұл техника жедел жәрдем қызметі үшін өте ықшамды және ыңғайлы деседі.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Қостанай автозауыты жедел жәрдем көлігі өндірісін қолға алды. Қысқа мерзімде денсаулық сақтау министрлігінің техникалық талап, шарттарына сай келетіндей автокөлік жасақталып шығарылды.Оның іші толық қажетті медициналық, санитарлық құралдармен жабдықталған.

Әділ Шайкемелов, автозауыттың бас маманы:

– Кез келген жерде тар, ыңғайсыз, басқа көлік өте алмайтын жерде, осы көліктің өтуіне және науқасқа жетуіне өте ыңғайлы болып отыр.

Қайта жарақталған жедел жәрдем көлігін Қостанай автозауыты бір апта бұрын шығара бастады. Бірден 200 медициналық машинаға тапсырыс түскен.

Роман Глущенко, автозауыт директорының орынбасары:

– Бүгінгі күні біз екі ірі тапсырыс бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Алдымызда тұрған маңызды міндет сол жедел жәрдем көліктерімен медициналық мекемелерді тезірек қамтамасыз ету.

Алдағы уақытта автозауыт арнайы техника өндірісін кеңейте түсуді жоспарлап отыр.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Сергей Трахтенберг

Хабар 24 телеарнасы