426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда «Солнечный -2» ауданынан үй алғандар баспаналарына кіре алмай отыр

  • 272
  • UPD: 21:43, 21.07.2020

Петропавлда жылдар бойы күтіп үйлеріне қол жеткізген тұрғындардың қуанышы көпке созылмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала іргесіндегі «Солнечный -2» ауданынан үй алғандар әлі күнге баспаналарына кіре алмай отыр.

Себебі электр қуаты жоқ. Ал әкімдіктігілердің жарықты қосамыз дегендеріне талай уақыт болған. Бірақ нәтиже болмады.

Петропавл іргесіндегі «Солнечный- 2» шағын ауданын екі аптада жарыққа қосамыз деп әкімдіктігілер жар салған еді. Ол үшін қаланы электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын жұмыстарға кірісті деп сендірген болатын. Алайда монополистер әлі ешқандай келісімшарт та жасалмағандығын айтады. 

Виталий Фесько, электр энергиясымен жабдықтау  компаниясы бас директорының орынбасары:

– «Солнечный 2» ауданында атқарылып жатқан шаруаларды сіздердің репортаждан көріп таң қалдық. Әкімдіктегілер ол жерде біздің компанияның жұмыс істеп жатқанын баса айтты. Бұл жалған ақпарат. Компанияның ол жерге еш қатысы жоқ. Себебі мемлекеттік қаржыға орнатылған қосалқы станция әлі күнге әкімдікдік балансында.

100-ден астам үйдің бір процентінде ғана қазір жарық бар. Оның өзі құрылысшылардан алып отыр. Ал жаңадан бой көтерген ауданға инфроқұрылымдық желілерді тартуға 2,6 млрд теңге жұмсалды. Ал неге екені белгісіз, жарық әлі жоқ. Жауаптылар бірнеше жылдап шешілмеген мәселені шеші үшін 10 күн уақыт сұрап отыр.

Нұрболат Мұжыкенов, қалалық құрылыс бөлімі басшысы орынбасарының м.а

– Орман шағын ауданында қосалқы станцияны іске қосу үшін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі монополистермен бірлесіп жұмыстар атқаруда. Біз оларға хат жібердік. 10 күн ішінде бұл сұрақ толықтай шешіледі.

«Солнечный-2» ауданындағы бұл үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғызылды. Жарықтың жоқтығынан мұнда тек 15 отбасы ғана тұрып жатыр. Ал аудан иесіз қалған ескі ауылға ұқсайды. Әлеуметтік нысан атымен жоқ. Баспаналар шіри бастаған. Атқамінерлердің құрғақ уәдесінен шаршаған тұрғындар қазір екі ойда жүр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы