432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында таудағы көлшіктерге суағар орнатылып жатыр

  • 218
Алматы облысында таудағы көлшіктерге суағар орнатылып жатыр

Алматы облысында ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күннің күрт ысуынан мұздықтар еріп жатыр. Соның салдарынан таудағы көлшіктер тасып, өзендер арнасынан асуы мүмкін. Қауіптің алдын алу мақсатында облыстық Төтенше Жағдайлар Департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесінің өкілдері әуеден тікұшақпен барлау жұмыстарын жүргізді. Жауаптылар Жетісу және Іле Алатауын шарлап, ондағы 680 кішігірім көлшікті көрді. Қауіпті деп саналанатын 240 шақтысынның қазіргі жағдайын бағамдады. Тексеріс нәтижесінде мұздық көлдердің қалыпты режимде ағып жатқаны белгілі болды. Сала мамандары аэровизуалды бақылаумен қатар суағар орнату жұмыстарын жүргізіп келеді. Биыл он көлге құбыр тасылып, ондағы су деңгейін төмендету жоспарланған. 

Мейрам Нұрұмбетов, «Қазселденқорғау» ММ Жетісу Алатау аумақтық пайдалану басқармасы филиалының басшысы:

– Жетісуда 20-дан аса қауіпті өзен бар. Барлығы біздің бақылауымызда. Бұл көлдің деңгейін 5-6 метрге дейін төмен түсіреміз. Ол үшін жаңадан сифондар қойылады. Жару жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы