423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан науқастар үшін мобильді топтар құрылды

  • 247
Елордада COVID-19 бен пневмонияға шалдыққан науқастар үшін мобильді топтар құрылды

Елордада коронавирус індетін жұқтырған және өкпесі қабынған науқастарға көмек көрсететін 200 мобильді топ құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр топта бір дәрігер және бір медбикеден бар немесе еріктілер қосылады. Әрқайсы 3 жарым мың тұрғынға көмек береді деп есептелген. Мәселен, нөмірі екінші емханаға шамамен 42 мың тұрғын тіркелген. Оларға көмек көрсету үшін медициналық мекемеде 8 мобильді топ құрылды. Емхана директорының айтуынша, соңғы кезде өкпесі қабынған, бірақ вирусқа қарсы тест теріс нәтиже көрсеткен науқастардың саны көбейген.

Ләззат Рыспекова, №2 қалалық емхананың директоры:

- Өкпесі қабынған науқастарға мобильді топтар өте қажет. Біз оларға барып, қажетті дәрі-дәрмекті, қабынудың алдын алатын антибиотиктерді тегін үлестіреміз. Сондай-ақ науқастарға кеңес беріп, екпе саламыз. 2-3 күн сайын соғып, жағдайын бақылауда ұстаймыз.

Хабар 24 телеарнасы