426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда өткізілген мүліктен тыйым салуды алып тастау тәртібі өзгерді

  • 223
  • UPD: 10:41, 22.07.2020
Қазақстанда өткізілген мүліктен тыйым салуды алып тастау тәртібі өзгерді atomiyme.com

Енді мүлікті соңғы өткізген сот орындаушы басқа сот орындаушыларының барлық тыйым салуларының күшін жояды, деп хабарлайды ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

27 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

Борышкердің мүлкіне әртүрлі атқарушылық іс жүргізу шеңберінде екі және одан да көп сот орындаушылары тыйым салуы мүмкін. Бұрын мұндай жағдайларда адал сатып алушы әрбір сот орындаушысына өзінің тыйым салуларын алуы үшін жүгінуге тура келетін. Кейде сот орындаушылары бас тартып, сатып алушы сотқа жүгінуге мәжбүр болатын.

Енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес мүлікті сауда-саттықта өткізген сот орындаушысы осындай мүліктен барлық тыйым салуларды, соның ішінде басқа сот орындаушыларының тыйым салуларын да жоюға міндетті.

Айта кету керек, тыйым салынған мүлікті сату бойынша Бірыңғай электрондық сауда алаңы арқылы https://etp.adilet.gov.kz/

2020 жылдың I жартыжылдығында 25 495 676 920 теңге сомасына 1530 лот сатылды, ал 2019 жылдың осындай кезеңінде жалпы сомасы 18 423 227 050 теңгені құрайтын 1415 лот сатылды.

Хабар 24 телеарнасы