Қазақстанда мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындарын жалға алу бағасы бір жыл ішінде едәуір төмендеді.
2020 жылғы маусым айында коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға беру құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8% арзандады, деп хабарлады energyprom.kz.
Әсіресе, Ақмола (–8,4%), Атырау (–8,2%), Маңғыстау (–6,3%), Ақтөбе (–6,1%) және Шығыс Қазақстан (–5,6%) облыстарында байқалады.
Сонымен бірге, тек үш облыста баға өскен. Осылайша, жалға алу құны Батыс Қазақстан (+1,1%), Түркістан (+0,8) және Қызылорда (+0,1%) облыстарында өсті.
Мейрамханалар мен тамақтану орындарын жалға алу бағасы бір жыл ішінде 6,8% төмендеді. Биылғы маусым айында мейрамханаларды жалға алу құны бір шаршы метр үшін 2432 теңге, дәмханалар – 4152 теңге, асханалар – 1866 теңге.