423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтан – Үшарал бағытында қатынайтын әуе рейстері көбейді

  • 311
  • UPD: 12:29, 22.07.2020
Нұр-Сұлтан – Үшарал бағытында қатынайтын әуе рейстері көбейді

«Qazaq Air» компаниясы 20 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстер орындайды.

«Qazaq Air» авиакомпаниясы ішкі туристік бағыттар бойынша сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша 20 шілдеден бастап Нұр-Сұлтан – Үшарал бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз хабарламасында.

Бір бағыт бойынша билеттің бағасы – 16 000 тг.

«SCAT» әуекомпаниясының аптасына 7 рет қатынайтын рейсіне қосымша «Qazaq Air» компаниясының 4 рейсін орындауға рұқсат берілді. Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша аптасына 11 ұшақ қатынайды. «Qazaq Air»  әуе қатынасы дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері мына кесте бойынша орындалады:

Нұр-Сұлтан (07:20) – Үшарал (09:20);

Үшарал (10:00) – Нұр-Сұлтан (12:15).

Бұған дейін Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылғанын хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы