423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада эпидемиологиялық ахуал бойынша call-орталық іске қосылды

  • 173
  • UPD: 14:19, 22.07.2020
Қызылордада эпидемиологиялық ахуал бойынша call-орталық іске қосылды

Қызылордада тұрғындардың эпидемиологиялық ахуал және денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтарына жауап беретін call-орталық іске қосылды, хабарлайды «Хабар 24».

Жастар денсаулық орталығы жанынан құрылған жедел ақпараттық қызмет тәулік бойы жұмыс істейді. 14 қызметкер қоңырау шалушылардан бөлек, әлеуметтік желі арқылы да сауалдар қабылдап, кері байланыс орнатады. Қазіргі таңда қызылордалықтардан көбінесе ПТР анализ тапсыру тәртібі және COVID-19 жұқтырудың алғашқы белгілері мен таралу жолдары жөнінде сұрақтар түсіп жатыр.

Жанар Қалмақова, Жастар денсаулық орталығының директоры:

- Тұрғындар алғашқы медициналық қандай көмек көрсетілу бойынша сұрақтарына жауап алуына болады. Сосын қандай дәрілерді қай дәріханадан табуға болады, қандай дәрілер тегін беріледі, қандай медициналық көмек тегін беріледі, қай көлемде беріледі? Осындай сұрақтарға өздерінің жауаптарын ала алады.

Хабар 24 телеарнасы