419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында кәсіпорын директорының орынбасары сотталды

  • 346
  • UPD: 15:07, 22.07.2020
Атырау облысында кәсіпорын директорының орынбасары сотталды Inform.kz

Атырау облысында кәсіпорын директорының орынбасары 4,7 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ЖШС директорының орынбасарына қатысты ҚР ҚК-нің 189-б. 3-б. 1-тармағы бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды.

Аталмыш тұлға өз қызметтік бабын пайдаланып, «Индер көпбейінді ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК-ның оқу ғимаратын күрделі жөндеуге бөлінген 4,7 млн теңге сомасындағы бюджеттік қаражатты жымқырған.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, күдіктінің кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелермен дәлелденіп, келтірілген шығын соммасы Атырау облысының Сот сараптамасы институтымен расталды.

Индер аудандық сотының үкімімен кәсіпорын директорының орынбасары кінәлі деп танылып, оған 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы