429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде «Анашым маска тақтыңыз ба?» атты жаңа челлендж басталды

  • 351
  • UPD: 15:56, 22.07.2020
Елімізде «Анашым маска тақтыңыз ба?» атты жаңа челлендж басталды

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Анашым маска тақтыңыз ба?» атты челлендж бастады, хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар қазіргі жағдайда аса қажет. «Себебі, қиын кезеңде біз жақын адамдарымызға қамқорлық жасауымыз қажет», - дейді. Айта кетейік, волентерлердің ең кішісі 14-те, ал үлкені 80 жаста. Сонымен қатар еріктілерге әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін 400-ден астам шағын грант бөлінеді.

Динара Сәдуақасова, «Жас Ұлан» БЖҰ төрайымы:

- 7 бағыт бойынша жалпыұлттық жобалар бар. Олар 17 өңірде жүзеге асырылуда. Мен «Асыл мұра» мен «Таза әлем» жайлы айта аламын. Қазір бізде 1200-1300 волонтерлер тіркелді. Оларды оқыту апта соңында басталады.

Хабар 24 телеарнасы